Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мбаппе ПСЖ-дан кететінін мәлімдеді

Мбаппе ПСЖ-дан кететінін мәлімдеді

«Пари Сен-Жермен» футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе осы жазда командадан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ футбол инсайдері Фабрицио Романоның Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Фото: ашық дереккөз

Белгілі спорт журналисі және инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, Мбаппе франциялық клубтың басшылығына өзінің жазда кететінін хабарлады.
Себебі футболшының ПСЖ-мен келісімшарты дәл осы уақытта аяқталады. Демек Килиан басқа командаға еркін агент ретінде ауысуы мүмкін. «Мбаппе мен «Реал Мадрид» футбол клубының президенті Флорентино Перес арасындағы қарым-қатынас жақсы. Себебі Килиан 2022 жылы Переске қоңырау шалып, мадридтік командаға ауыспайтынын өзі мәлімдеген еді.
Килиан «Реал Мадридтің» басшысын сыйлайды. Ал Перес ойыншының 2 жыл бұрын ПСЖ-да қалғанына таңғалса да, Мбаппенің қоңырау шалып, жеке ескерткеніне риза болды. Дәл осы жағдай биыл шешуші рөл атқаруы мүмкін…», – деді Фабрицио.
Мбаппенің ПСЖ-дан жазда кететіні жайлы ақпарат шыға сала, «Реал Мадридтің» ойыншысы Чуамени Х желісіндегі ресми парақшасында реакция қалдырды.
16 ақпан 2024 ж. 425 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031