Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Реал" Криштиану Роналдуға ерекше ұсыныс жасады

"Реал" Криштиану Роналдуға ерекше ұсыныс жасады

Роналду

Мадридтік "Реал" президенті Флорентино Перес Криштиану Роналдуға клубта жұмыс істеуге қайта ұсыныс жасады.

El Nacional басылымының жазуынша "Аль-Наср" сапында ойнайтын  38 жастағы Роналду Сауд Арабиясында ұзаққа қалмауы мүмкін. Португалия капитанына Реал Мадридке қайта оралуды ұсынған. Алайда бұл жолы ойыншы ретінде емес. Перес Роналдуға таңдау үшін екі лауазым –  клубтың елшісі және Реал Мадрид спорт ұйымының мүшесі болуды ұсынған. 

Дегенмен Роналду "Аль-Наср" сапында 14 ойында 11 гол соғып, Сауд Арабиясы Про-Лигасының менеджерлерін таңғалдырды. 
Жұлдыз португалдық ойыншы "Аль-Насрда" жылына 200 миллион еуро алады. Оның келісімшарты 2024 жылы аяқталады. Клубтың бұрынғы жаттықтырушысы Руди Гарсия бұған дейін Роналду мансабын Сауд Арабиясында аяқтап, Еуропаға оралуды жоспарламайтынын атап өткен.
27 сәуір 2023 ж. 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031