Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мбаппенің құны – 180 миллион еуро

Мбаппенің құны – 180 миллион еуро



Немістердің Transfermarkt порталы әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімін жариялады. Олардың көшін Килиан Мбаппе бастап тұр.

24 жастағы франциялық шабуылшы 180 миллион еуроға бағаланып отыр. Мбаппенің 2018 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы УЕФА-ның Ұлттар лигасының жеңімпазы, 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері деген атақтары бар. Ресейде ол ең үздік жас ойыншыға тиесілі арнайы сый­лықты иеленсе, Қатарда ең үздік сұрмерген атағымен қоса, «Күміс допты» иеленді. Сондай-ақ ТОП-10 ойыншының қатарына Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», 170 миллион еуро), Винисиус Жуниор («Реал» Мадрид, 120), Филип Фоден («Манчестер Сити», 110), Джуд Беллингем («Боруссия» Дортмунд, 110), Джамал Мусиала («Бавария», 100), Педри («Барселона», 100), Рубен Диаш («Манчестер Сити», 75), Йошко Гвардиол («РБ Лейпциг», 75), Маттейс де Лигт («Бавария», 70) және Тибо Куртуа («Реал» Мадрид, 60) сынды теңбіл доп ше­бер­лері енді.
14 наурыз 2023 ж. 285 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 56

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031