ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ЖОЛҒА ҚОЙЫЛСА...

Дегенмен, кем дегенде өзінен екі есе ауыр зілтемірді күніне бірнеше рет көтеру бойжеткен үшін мүмкін еместей көрінеді. Ер адамдардың өзіне тән бокстың өзі де бірер жылдан соң миына қатты әсер етеді. Ал бұл спорт түрімен айналысатын қыз балалар саны күн санап артуда. Алайда жарыс сайын нәзік аруларға зілбатпан соққы тигізуде оңай нәрсе емес. Менін пікіріммен мүмкін келісерсіз, мүмкін жоқ. Айтпағымыз, спортты серік етемін деуші арулар спорттың залалсызын, лайықтысын таңдай білсе деген пайым.
Шынында, кез келген спорт – спортшы үшін маңызды рөл атқарады. Мінез-құлқын шыңдауға, тұлға ретінде қалыптасуына, орасан зор ықпал етеді. Солай бола тұрса да, денсаулығына пайдасы зор спорт түрімен айналысса тиімдірек деп ойлаймыз. Атап айтсақ, аэробика, гимнастика, суда жүзу, спорттық би, велоспорт, волейбол, теннис, жеңіл атлетика, мәнерлеп сырғанау сынды спорт түрлері тыныс алуды жақсартумен қатар денінің саулығына да пайдалы.
Осы тұрғыда, неге Шиеліде жеңіл атлетика саласын дамытпасқа деген ой келеді. Бұл сауал бойынша біз спорт бөлімінінің мамандарына қоңырау шалып, пікір алмасқан едік.
– Расында, көзге үйреніп қалған волейбол, баскебол спорт түрлерімен ғана емес, жеңіл атлетиканы қолға алуымыз керек. Біздегі ақсап тұрғаны – осы салаға жатттықтырушының жетіспеушлігі –деп қысқа ғана қайырды аудандық мәдениет және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Ермағанбетов.
Қазіргі таңда аудандағы қыздар тоғызқұмалақ, дойбы, қол добы, шахмат, волейбол баскетбол, асық ату, таэквандо, үстел теннисі үйірмелеріне қатысады.
Айта кетейік, аудан бойынша спорт мектебіне баратын ұл бала саны – 13 675 болса, ал қыздар саны – 6462 – ны құрап отыр. Демек, ұл баланың спортқы қызығушылығы айтпасақ та түсінікті. Егер ауданда жеңіл атлетика қолға алынса, қыздардың үлесі артар ма еді?!