Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Петропавлда паралимпиада жүлдегеріне пәтер кілті мен 5 млн теңге табысталды

Петропавлда паралимпиада жүлдегеріне пәтер кілті мен 5 млн теңге табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов бүгін Бейжіңде өткен олимпиада және паралимпиада ойындарының қатысушыларымен кездесті, депхабарлады prosports.kz.

Құмар Ақсақалов кездесудің басты кейіпкері, паралимпиада жүлдегері Александр Герлицке бір бөлмелі пәтердің кілтін және 5 млн теңгенің сертификатын табыс етті.
Біз спортшылардың жарысын көріп, елеңдеп отырдық. Александр Герлиц үмітімізді ақтап, әлемнің мықты спортшыларының бірі екенін дәлелдеді. Олар Ербол Хамитовпен бірге командалық эстафетада бесінші орыннан көрінді. Сіздерге осы жеңістеріңіз үшін алғысымды білдіремін, жас спортшыларға, қиын жағдайға тап болған жандарға үлгі көрсеттіңіздер, - деді Құмар Ақсақалов.
Олимпиада және паралимпиадаға қатысқан басқа спортшылар да марапатсыз қалмады. Оларға өңір басшысы құрмет грамоталарын, алғыс хаттарды және ақшалай сертификаттар табыс етті.
19 наурыз 2022 ж. 351 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031