Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкиннің 2022 жылғы қарсыластарының есімдері аталды

Головкиннің 2022 жылғы қарсыластарының есімдері аталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. The Ring журналисі және The Neutral Corner подкастының авторы Майкл Монтеро орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкиннің осы жылы рингте кіммен айқасатынына болжам жасады, деп хабарлады  Spоrts.kz.

Монтеро ESPN Ringside-тың Туиттердегі жазбасына пікір білдірді. Онда қазақстандық Джермалл Чарло (WBC), Деметриус Андраде (WBO) және Риота Мурата (WBA Super), сондай-ақ Хайме Мунгия және кіші Крис Юбэнк сияқты әлемдегі орта салмақтағы үздік боксшылармен бір деңгейде көрсетілген.
GGG жыл соңына дейін төменгі қатардағы үш боксшының екеуімен (Мурата және Мунгия) кездесетін шығар, - деп жазды Майкл.
Еске салайық, Геннадий Головкиннің Риота Муратамен айқасы 2021 жылдың 29 желтоқсанында Сайтамда өтуі керек еді, бірақ Жапонияда коронавирус шектеулерінің күшейтілуіне байланысты 2022 жылдың көктеміне ауыстырылды. 
Жекпе-жектің нақты күні әзірге белгісіз. 
https://baq.kz​​​
05 қаңтар 2022 ж. 904 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (9396)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (9395)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930