Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Геннадий Головкин қашан рингке шығатынын айтты

Геннадий Головкин қашан рингке шығатынын айтты

Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы дивизиондағы WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізетінін жариялады.
Жапонияда үлкен драма болады. 29 желтоқсанда кездескенше, – деп жазды Геннадий Головкин.

Жекпе-жекті DAZN қызметі көрсетеді деген болжам бар.

Екі боксшы да ұзақ үзілістен кейін алаңға шығады. Геннадий Головкин былтыр желтоқсаннан бері кәсіби аренаға шықпады, ал Риота Мурата 2019 жылдың соңынан бері жеке-жекке шықпады.

Риота Муратаның кәсіби алаңдағы жолы 2013 жылы басталды, ол 18 жекпе-жек өткізген, оның 16-сында жеңіске жеткен. Соның ішінде 13 нокаутқа түсірген. Мансабында екі жеңіліс бар, бір рет тең түскен.

Бұған дейін боксшылардың жекпе-жегі DAZN қызметі олардың алаңға шығуын растамайынша өтпейтіні хабарланған. Тараптар келісті. Бұл Геннадий Головкин үшін DAZN-мен жаңартылған мәміле аясындағы алғашқы жекпе-жек болады.


Baq.kz: 
14 қараша 2021 ж. 577 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031