Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » DAZN Головкин үшін «Канело» сырғытып тастады

DAZN Головкин үшін «Канело» сырғытып тастады

DAZN Ðоловкин Ò¯ÑÑн «Ðанело» ÑÑÑÒÑÑÑп ÑаÑÑадÑ
DAZN стриминг қызметі орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super) чемпионы Сауль Альварестің (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегін қарашаға шегереді, - деп хабарлайды BoxingScene.

Мұның алдында Альварес жартылай ауыр салмақта WBO титулына ие Сергей Ковалев (33-3-1, 28 КО) 24 тамыз Челябіде британиялық Энтони Ярдты (18-0, 17 КО) жеңсе, ресейлікпен жұдырықтасқысы келетіні хабарланған.

«Канело» рингке шамамен 26 қазанда оралуды жоспарлаған, алайда, DAZN плоатформасының атқарушы директоры Джон Скиппер бұл жекпе-жекті қарашаға белгісіз күнге шегермек. Өйткені 5 қазанда орта дивизионда IBF белбеуі үшін қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жұдырықтасуы мүмкін.

«Скиппер Головкин - Деревянченко кездесуі мен Альварес жекпе-жегі арасында үзіліс жасамақ, бұл екі шоудың DAZN-дегі екі бөлек жазылу кезеңіне түсу үшін жасалды», - деп атап өтті BoxingScene шолуышысы Кит Айдек.

Мұның алдында Головкин - Деревянченко жекпе-жегіне ресми рұқсат етілді. Боксшылар 4 қыркүйекке дейін келісімге келу керек.

24.kz
09 тамыз 2019 ж. 741 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031