Головкиннің промоутері «Канеломен» үшінші жекпе-жектің жалғыз кедергісін атады
DAZN жетекшісінің де маңызы бар. Қазақстандық Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) промоутері Том Леффлер BoxingScene порталына берген сұхбатында мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (52-1-2, 35 КО) үшінші жекпе-жекке бөгет болуы мүмкін жалғыз себепті атады, деп хабарлайды Vesti.kz. Оның сөзінше, DAZN стриминг қызметінің атқарушы директоры Джон Скиппер GGG-мен келісімшартқа қол қою, «Канеломен» трилогияға жол деп айтқан. Жақын күндері Скиперр мексикалық боксшы және оның промоутері Оскар Де Ла Хойямен келіссіөз жүргізуі мүмкін. «Мұны командамен отырып талқылаймыз. Тағы да айтам: GGG DAZN-мен келісімшартқа қол қойды, Джон Скиппер мұны «Канеломен» жекпе-жекке апарар анық жол деп атаған. Енді Джон Альварес және Оскармен келіссөздер жүргізу керек. Golden Boy-мен екі жекпе-жек ұйымдастырдық. Кедергілер көп болды, GGG өз тарапынан көп жеңілдік жасады. Енді екі рет жұдырықтасқан соң үшіншісіне қандайда бір бөгет жоқ деп ойлаймын - егер «Канелоның» өзі Головкинмен үшінші рет рингте болғысы келмесе. Головкин - Альварес жекпе-жегіне басқа кедергі көріп тұрғаным жоқ. Екінші кездесу алдында Golden Boy дедлайн жариялады, Геннадий бұл мерзімге үлгерді, жекпе-жек өтті. DAZN-де, Головкинде сияқты бұл кездесуді өткізуге ынта бар. Бұл екі жігітке де қаржылай себептер бойынша керек, мұны жанкүйерлер де көргісі келеді, баспасөз талап етіп отыр. Шынын айтқанда бұл спортта ұйымдастыруға болатын ең үлкен жекпе-жектің бірі», - дейді Леффлер.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/321206-golovkinni-promouteri-kanelomen-shinshi-zhekpe-zhekti-zhal-yz-kedergisin-atady