Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Хоккей: «Барыс» кезекті ойынын сырт айдында «Трактормен» өткізеді

Хоккей: «Барыс» кезекті ойынын сырт айдында «Трактормен» өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Челябі қаласында жергілікті «Трактормен» өткізеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Трактор» командасы 61 ұпаймен ҚХЛ-дың жалпы кестесінде екінші орында келеді. Шығыс конференциясында 40 ұпаймен сегізінші сатыда тұрған «Барыс» та бұл ойында барын салатыны анық. 
Өткен турда «Трактор» өз айдынында «Северстальды» 6:1 есебімен тас-талқан етсе, «Барыс» Қазанда «Ак Барсқа» есе жіберді – 3:5. Бүгін Анвар Гатиятулин жаттықтыратын «Трактор» клубы өзінің 74 жылдығын атап өтеді. 
Сондықтан атаулы күнде айдын иелері жанкүйерлеріне жеңіс сыйлауға тырысатыны белгілі. «Трактор» өз айдынындағы соңғы төрт бәсекеде «Барысқа» есе жіберді. Дегенмен биылғы маусымда челябілік хоккейшілер 5 қарашада Қазақстан астанасында елордалық команданы овертаймда 5:4 есебімен жеңіп кетті. 
Матч елорда уақытымен сағат 18.00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
25 желтоқсан 2021 ж. 693 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930