Бозкілемдегі балуандардың бәсі түгел
Осы айдың 19-21 күндері аралығында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ауданда қазақ күресінен белгілі қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайды еске алуға арналған дәстүрлі республикалық ашық турнир өтті. Он бесінші мәрте жалауы желбіреген жарыс көрігін елдің әр аймағынан келген 2006-2007 жылдары туған 220-ға жуық жас палуан мен жергілікті үміткерлер қыздырды.
Турнирдің мақсаты – ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін ұлттық спорт түрі қазақ күресін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың спорттық шеберліктерін арттыру, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. Аталған турнирде Шымкент, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Түркістан Қызылорда облыстарынан және Алматы қаласынан келген палуандар 10 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Айта кету керек, республикалық турнирді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан әкімдігі ұйымдастырды.

Ұлт спортын ұлықтаған шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Н.Мақұлбеков, Қызылорда облысының сот әкімшілігінің басшысы С.Сүлейменов, қазақ күресінен мемлекеттік жаттықтырушы М.Жақыт, аудандық ардагерлер қауымдастының төрағасы П.Архабаев, спорт ардагерлері, спортшылар қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Н.Әскербекұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Белгілі қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың құрметіне орай республикалық турнирдің осымен 15 ші рет жалауы желбіреді. Меніңше, жарысқа қатысушы балалардың болашағы зор, олар бос уақытын спорт залдарда өткізеді, біз бұған тек қуануымыз керек. Мүмкіндігінше қолдау көрсеміз, себебі спортпен шұғылданатындар көбейсе олардың бойында отансүйгіштік сезім қалыптасса түсері анық, сондықтан да жасөспірімдер арасында қазақ күресін кеңінен насихаттаудан баршамыз қалыс қалмауымыз керек. Ендеше, алыс-жақыннан келген жас палуандарға сәттілік. Бабы мен бағы қатар шапқан шын мықты жеңіске жетсін, – деді аудан әкімі.
Иә, күрес десе қаны қызбайтын қазақ бар ма?! Делебесі қозған көпшілік тұс-тұстан дем беріп, кілемдегі ұлдарын қолдап бақты. Ұлттық спортты ұлықтайтын балуандар әр салмақта бақ сынасып, тартысты дода көрсетті. Бір-бірін алып та, шалып та жыққан жас шеберлер қазақ күресінің небір әдісін көрсетіп, ұлт өнерінің әдемі тұстарын паш етті. Әр шалт қимыл мен үздік әдіске қол соққан көрермендер де палуандарды жігерлендірді. Барлығы – өз өңірлерінің білекті спортшылары. Турнирде ауданның намысын 20 палуан қорғады. Бозкілемде тер төккен балуандардың арасынан топ жарып шыққан жерлестеріміз 75 келі салмақтағы Қ.Сәрсенбекұлы 1 орынды жеңіп алса, 75 келі салмақта өнерін көрсеткен С.Рәнтай 2 орынды иеленді. Ал, 60 келі салмақтағы жүлделі 3 орынды Д.Аманбаев қанжығасына байлады.
Ш.Тілеубаев