Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан құрамасы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциядан ойсырай ұтылды.

Қазақстан құрамасы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциядан ойсырай ұтылды.

Қазақстан құрамасы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциядан ойсырай ұтылды. Бұл Қазақстанның ресми ойындардағы ең ірі жеңілісі болып тіркелді.⠀
Кездесу Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтті. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Франция құрамасы қазақстандық футболшыларды 8:0 есебімен тізе бүктірді. Матчте Килиан Мбаппе Франция сапындағы алғашқы покерін жасады. Одан бөлек, Карим Бензема екі гол соқса, Гризманн мен Рабьо да бір-бір голмен есепті еселеді.

Осылайша, Талғат Байсуфиновтің шәкірттері іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын өткізді. Қазақстан сегіз ойында үш ұпай жинап, топты соңғы орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бүгінгі ойынға дисквалификация алған Бақтиер Зайнутдинов пен Ян Вороговский қатыспады. Сондай-ақ, матч алдында Георгий Жуков, Азат Нұрғалиев, Сергей Малый және Юрий Логвиненко жарақат алып, Парижге бара алмады.

Енді қазақстандық футболшылар 16 қараша күні Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.
14 қараша 2021 ж. 891 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930