Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихта алғаш рет қазақстандық брейкинг бойынша әлем чемпионы атанды

Тарихта алғаш рет қазақстандық брейкинг бойынша әлем чемпионы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық Әмір Закиров (B-Boy Amir) тарихта алғаш рет Польшада өткен Red Bull BC One брейкинг бойынша әлем чемпионы атанды.

Закиров әлемдік финалға өткен 16 брейкерлерінің арасынан үздік атанды. Шешуші белдесуде төрешілердің басым дауысымен ол өзінің қарсыласы канадалық B-Boy Phil Wizard-ты жеңді.
Закиров 23 жаста, Петропавлда туған, осымен үшінші жыл Мәскеуде тұрады. Чемпион 2020 жылы Прагада өткен Legits Blast жеке кездесуде, одан кейін 2021 жылы Unbreakable және Red Bull BC One Cypher Kazakhstan турнирлерінде жеңіске жеткеннен кейін халықаралық аренада өз атын нығайта түсті. Ол билеуді 2009 жылы Predatorz Crew құрамында бастады және қазіргі күнге дейін осы топ атынан өнер көрсетіп келеді
Брейкинг - көшедегі динамикалық акробатикалық би. 2020 жылы ол ресми түрде олимпиадалық тәптіп ретінде танылып, 2024 жылы Парижде өтетін ойындар бағдарламасына енгізілді. ​https://baq.kz​​​
07 қараша 2021 ж. 670 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031