Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тобыл» «Шахтерді» жеңіп, жоғарғы лиганың көшбасшысы атанды

«Тобыл» «Шахтерді» жеңіп, жоғарғы лиганың көшбасшысы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан ел чемпионатының 25-ші турында қостанайлық «Тобыл» қарағандылық «Шахтерді» жеңді. Осылайша, «Тобыл» биылғы жылғы Қазақстанның Премьер-лигасының көшбасшысы атанды.

Қостанайда өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды. «Тобылдық» Александр Марочкин 16-шы минутта гол соқты. Ал Игорь Сергеев 31-ші минутта, Азат Нұрғалиев 56-шы минутта, Элгуджа Лобжанидзе 83-ші минуттағы соғылған голдардың авторы атанды. «Шахтерлік» Андрей Гиоргиади 87-ші минутта командасына бір гол сыйлады.
«Тобыл» 58 ұпаймен соңына дейін тур бойынша Қазақстанның Премьер-лигасының көшбасшысы атанып отыр. Себебі «Астана» қатар өтіп жатқан матста «Қайратқа» 0:1 есебімен есесін жіберіп алған болатын. Елордалық команда енді қостанайлықтардан екі ұпай артта қалуда.
«Шахтер» 30 ұпаймен турнир кестесі бойынша 8-орында тұр.
24 қазан 2021 ж. 560 0

Қоғам

Лайкқа    лайық өмір іздеп...
21 қыркүйек 2026 ж. 94

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930