Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Назым Қызайбай «Странджа-2021» турнирінде алғашқы жеңісіне қолжеткізді

Назым Қызайбай «Странджа-2021» турнирінде алғашқы жеңісіне қолжеткізді

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай «Странджа-2021» халықаралық турнирін сәтті бастады, деп хабарлады Olympic.kz. Болгарияның София қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр. Әйелдер арасында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Назым Қызайбай алғашқы жеңісіне қолжеткізді. Алғашқы кездесуінде ол марокколық Рабабы Чеддардан басым түсті.  Ел құрамасының тағы бір мүшесі Римма Волосенко қарсыласына жол берді. АҚШ өкілімен өткен кездесу 1:4 есебімен қарсыластың еншісіне шешілді.  Айта кетерлігі, 72-ші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық дода 27 ақпанға дейін жалғасады.

23 ақпан 2021 ж. 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031