Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сербиядағы турнирден қазақстандық сегіз боксшы қыз медальмен оралды

Сербиядағы турнирден қазақстандық сегіз боксшы қыз медальмен оралды

9 спортшымыздың 8-і жүлдеге ілікті. Сербияда бұрымды боксшылардың халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен еді. Нәтижесінде 5 бірдей жерлесіміз чемпион атанды. Олар Арайлым Марат, Дина Жоламан, Владислава Кухта, Римма Волосенко және 81 келіге дейінгілер арасында сынға түскен Ләззат Күнгейбаева. Бұған қоса ұлттық құрама қоржынында 1 күміс пен 2 қола жүлде бар. Айта кетейік, қазақстандық қыздар үшін бұл ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы халықаралық жарыс. Ерік Алғабек баптайтын спортшылар қазір Олимпиада ойындарына кешенді дайындықты бастады. Жоспар бойынша бірнеше бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізу керек. Ал Олимпиада жолдамалары сарапқа салынатын басты бәсеке әлем чемпионаты маусым айында болады.

18 қаңтар 2021 ж. 833 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031