Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуат Хамитов жарты жылға бас бостандығынан шектелді

Қуат Хамитов жарты жылға бас бостандығынан шектелді

Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов 6 айға бас бостандығынан шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қуат Хамитовқа қатысты сот үкімі шықты. Оның қылмыстық ісі Алмалы аудандық сотында қаралды. Сот спортшының бұрын жауапқа тартылмағанын және өз кінәсін толық мойындағанын ескере отырып, 6 айға бас бостандығынан шектеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Хамитов сотта соңғы сөзін айтқан болатын. 
 
Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында ММА ұйымында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Қуат Хамитов әлеуметтік желілердегі зорлық-зомбылыққа шақырған видеосына байланысты Алматы Полиция департаментіне жеткізілген болатын.
Ол ҚР ҚК 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінген.
28 қаңтар 2021 ж. 618 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031