Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин "дивизион королі" атағы үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін

Головкин "дивизион королі" атағы үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін

© Тұрар Қазанғапов Жақында ғана орта салмақтағы WBA уақытша чемпионы Крис Юбенкпен жұмыс істей бастаған неміс промоутері Калле Зауэрланд IBF және IBO титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті. Оның айтуынша, Головкинмен жекпе-жек олардың тізімінің басында тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Зауэрланд Головкинмен жекпе-жекті орта салмақта өткізуге болатынын айтады
"Адамдар жас немесе басқа нәрсе туралы айтады. Головкин желтоқсанда кәрі көрінген жоқ. Тіке айтайық - ол соңғы он жыл ішінде орта салмақтағы көшбасшы", - деді ол Boxingnews24.com басылымына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Головкин аңызға айналды.
"Меніңше, бұл жекпе-жек Ұлыбританияда немесе АҚШ-та өтуі мүмкін. Бұл ауқымды кездесу болмақ", - деді Калле Зауэрланд.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Головкин мексикалық Хайме Мунгиямен келіссөздер жүргізіп жатыр. Олардың жекпе-жегі мамыр айында болады деп жоспарланып отыр.
14 қаңтар 2021 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930