Малик Абдул Азиз рингке қайта оралды ма?
29 Қараша күні бокс сүйер қауымға жастық шақтарын еске алуға мүмкіндік туды. Рингке 1990 жылдардың бокс шеберлері Майк Тайсон мен Рой Джонс қайта оралды. Кездесу телекөрсетілімдерді сатып алу жөнінен рекордтық көрсеткіш көрсетіп, соңғы 10 жылдықтың айтулы кездесуіне айналды дейді ұйымдастырушылар. Бірақ біз күткен айқас болды ма?
Кевин Макбрейд Майктың бокс карьерасын аяқтауға түрткі болған боксшылардың бірі. 2005 жылы өткен кездесуде Майк 7-ші раундта техникалық нокаут алып, бокспен бір жолата қош айтысқан болатын. Араға 15 жыл салып Малик (Майк) шаршы алаңға қайта оралуды жөн санапты. Арнайы бапкердің көмегімен жаттығу өткізіп, спорттық бабына келуге барын салған ол қарсыласын айтарлықтай сескендіріп тастады. Букмекерлер де алақанын ысқылап, қалталарын қампайтатын кездесуді асыға күтті. Сонымен бірге спортшылардың денсаулығына да ерекше көңіл бөлінді. Невада штатының атлетикалық комиссиясы кездесуді 2 минуттан тұратын 8 раундқа жоспарлады. Бір қызығы жарыс ережесіне сай спортшылар қарсыласын нокаутқа түсіруге болмайтын еді.

Кездесу өтетін күн туып барша бокс сүйер көрермен көк жәшіктің алдына жиналды. Рингке алғаш болып беттеген Рой Джонс әр қадамын ауыр басып жанкүйерлердің алаңдаушылығын тудырды. Кәсіпқой бокстан кеткеніне небәрі 2 жыл болған оның спорттық бабын мұншалықты тез жоғалтып алғаны көптің таңданысын тудырды. Екінші болып рингке қадам басқан аңыз Майк Тайсонның қимылы ширақ, қадамдары нық еді. Көзінде жалын, көкірегінде ұшқын бар секілді. 15 жыл бойы бокстан алыс болған қызуқанды Майктың жұдырықтасуды әбден сағынып қалғаны байқалды.
Кездесу басталғаннан-ақ Майк өз басымдығын айқындап шама-шарқынша күрзі жұдырығымен соққыларын жұмсады. Бірақ қарсыласы да ширақ қимылдап соққылардан сәтті қорғанып қана қоймай, өзінің джептерімен Майкты қарсы алды. Алғашқы раундтан кейін ұйымдастырушылардың раундтарды 2 минуттан деп белгілеуі дұрыс болғандығына көзіміз жетті. Себебі аңыз боксшылар раунд соңына қарай ентігіп қалды. Соған қарамастан екі боксшы да қарқынын бәсеңдетпей тарихи кездесу өткізуге жандарын салды. Тайсонның бапкері тіпті «Алидің соққыларын көрсет» деп айқайлап жібергенін құлағымыз шалып қалды. Дегенмен Майк қанша тырысса да Джонстың осал тұсын таба алмады. Кездесудің соңғы раундтарына қарай спортшылардың жұдырықтасуынан құшақтасуы көп болып, шаршағандары байқалды. Осылайша біз асыға күткен аңыздар жекпе-жегі аяқталды. Қазылар ұзақ ойланып, тең нәтиже беруді шешті. Кездесу соңында берген сұхбатында Майк Тайсон «Мен бұл жекпе-жекке қайырымдылық жасау үшін әрі жанкүйерлерімді қуанту үшін келістім. Қажет болса қайта жұдырықтасуға да дайынмын. Тек Джонстың келісімі керек» деді. Майктын бұл сөздері танымал фильмдегі «Мен тірі тұрғанда ештеңе аяқталған жоқ» деген сөздерді еріксіз есімізге түсірді.
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ