Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин мен Альварес ауызша келісімге келді

Головкин мен Альварес ауызша келісімге келді

BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық спортшы Сауль Альварес (53-2-1, 36 КО) үшінші жекпе-жектің қаржылық шарттары туралы ауызша келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz Bleacher Report порталына сілтеме жасап.

Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жек 12 қыркүйекте Арлингтондағы (Техас, АҚШ) AT&T стадионында өтеді деп жоспарланған.

Сонымен қатар, Альварес маусым айында WBO орташа салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы британдық Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) жұдырықтасуды қалайды. Егер бұл жекпе-жек коронавирустық пандемияға байланысты бұзылса, мексикалық күзде Головкинмен кездесуге дайын.

Головкин мен Альварес арасындағы екі жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өткен еді. 2017 жылдың қыркүйегінде дау-дамайға толы тең есеп тіркелсе, ал 12 айдан кейін мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
18 наурыз 2020 ж. 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31