«Канело» әлем чемпионы атағынан айырылды

Сауль Альварес Халықаралық бокс ұйымының (IBO) белбеуіне ие бола алмады. Жекпе-жектен кейін анықталғандай, «Канело» Головкинмен реванш алдында IBO ұйымына санкциялық жарна төлеуге келісім бермеген. Өз кезегінде бұл аталған ұйымның чемпиондық белбеуі бос екенін аңғартады.
Геннадий Головкин 2011 жылдың желтоқсан айында америкалық боксшы Лахуан Саймонды нокаутқа жіберіп, IBO нұсқасы бойынша чемпион атанған еді. Мұнан кейін қазақстандық боксшы аталған белбеуді қорғау үшін 17 рет айқасқа түсіп, барлығында жеңіске жеткен.
Stan.kz