Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Канело" Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңді

"Канело" Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңді


Орта салмақта WBC және WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес америкалық Дэниэл Джейкобсты ұтып, IBF чемпиондық белбеуін иеленді. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтті. Кездесу жоспарланған 12 раундқа созылып, жеңімпаз төрешілер есебі бойынша анықталды. Нәтиже -  116:112, 115:113, 115:113. Жеңіс мексикалық боксшы еншісінде. Канело Джейкобсты ұтып, үшінші чемпиондық белбеуді иеленді. Енді оның абсолютті чемпион атануы үшін WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атақты ұтып алуы тиіс. Лас-Вегастағы бокс кешіне отандасымыз Геннадий Головкин де барды. Жаңа жаттықтырушысымен бірге аренадан тамашалады.

Massaget.kz
06 мамыр 2019 ж. 1 006 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031