Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінде үшінші орын алды

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінде үшінші орын алды

29 ақпан мен 1 наурыз күндері Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі өтті. Екі күнге созылған жарыста Қазақстан жасөспірімдер командасы 1 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz. Анталия татамиіне әлемнің 16 елінен 515 дзюдошы жиналды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы медаль кестесінде 3-орынға жайғасты. 60 келіге дейінгі салмақта Мерей Марханбетов қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Олжас Еренғайбов (60 кг), Нұрайлым Сәрсенбек (40 кг), Аружан Ережепова (52 кг) мен Шапағат Дәулет (57 кг) күміске қол жеткізді. Ал Олжас Құмар (55 кг), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг) пен Әділ Абдуахатов (73 кг) қола жүлдені Қазақстан қоржынына салды. Айта кетерлігі, аталған жарыс жасөспірімдер құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы жарысы болды. Жарысқа 2003-2005 жылғы жасөспірім дзюдошылар қатысты.

https://24.kz




02 наурыз 2020 ж. 667 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031