Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ГАНДБОЛДАН СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ

ГАНДБОЛДАН СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ


Алматыда республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінде ұлдар мен қыздар арасында гандболдан Алматы чемпионаты аяқталды.  Жарысқа әр ауданның командасы қатысып, өз аудандарының намысын қорғады. Олар екі топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады.
Жетісу ауданы командасының бапкерінің айтуынша, бірінші орынды Түрксіб және Алмалы аудандары сарапқа салды, өйткені, олар бірдей деңгейде ойнады, жарыс барысында жақсы нәтижелер көрсетті. Ал қола жүлдесі үшін Жетісу және Алатау аудандарының гандболшылары бәстесті.
–  Біз өз командамызды жарыстар арқылы құрдық, аудандық кезеңде іріктелген үздік спортшылар, түрлі мектеп оқушылары Жетісу ауданының командасының құрамына кірді. Жалпы бізде 12 ойыншы, олардың алтауы және бір қақпашы алаңда ойнайды, ал қалғандары қосалқы ойыншылар. Біз қола жүлдесі үшін күрестік, бірақ, өкінішке орай, жеңіліп қалдық,- деп бөлісті № 87 мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Асан Қанапиянов.

Жарыстың басты мақсаты жастар арасында ганболды дамыту, елге таныту, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, гандболдан қаладағы үздік спортшыларды іріктеу.
Іріктеу жарыстарының шешуші ойыны Түрксіб және Медеу командалары арасында өтті.
– Ойын біз үшін қиын болған жоқ, қарсыластардан басым түстік. Біз командамызбен 6 жыл бойы жаттығамыз, кәсіби айналысамыз. Бірақ, олар да жаман емес, тырысып, соңына дейін берілмей ойнады. Мен гандболмен алты жастан айналысамын. Бүгінгі кездесу 34:8 есебімен, бізідің жеңісімізбен аяқталды. Біз өте қуаныштымыз, – деп атап өтті жарыс қатысушысы Назим Логанов.

Жарыс қорытындысы бойынша,  қыздар арасында  Түрксіб ауданының құрамасы алтынан алқа тақса, Алмалы ауданының командасы күміспен күптелді. Ал қоланы Алатау ауданының спортшылары қанағат тұтты.
Ұлдар арасында бірінші орынды  Түрксіб ауданының құрамасы иеленсе,  екінші орынға Алмалы  ауданының спортшылары жайғасты. Ал үздік үштікті Алатау ауданының командасы түйіндеді. Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және кубоктармен марапатталды.
Т. Төлегентегі
24 ақпан 2018 ж. 997 0