Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 жастағы қақпашы мен шабуылшы Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

17 жастағы қақпашы мен шабуылшы Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

УЕФА Чемпиондар лигасының соңғы алтыншы турының алғашқы күні өтіп, плей-офф кезеңіне жолдама алған алты ұжым анықталды. Алтыншы турда "Генктің" қақпасын қорғаған Мартен Вандервордт Чемпиондар лигасының тарихындағы ең жас қақпашы атанды.

Ол 17 жаста (287 күн). Сондай-ақ "Интер" қақпасына гол соққан "Барселона" ойыншысы Ансу Фати турнир тарихындағы ең жас гол авторы атанды. Чемпиондар лигасының 1/8 финалына ағылшынның "Ливерпуль" және Испанияның "Валенсия" командалары өз топтарынан бірінші орынмен шықты. "Наполи", "Боруссия" (Дортмунд), "Лион" және "Челси" болса екінші орын алып, плей-оффқа жолдаманы жеңіп алды. Бұған дейін англиялық "Манчестер Сити" мен "Тоттенхэм", испаниялық "Реал" мен "Барселона", франциялық ПСЖ, италиялық "Ювентус" және немістің "Бавария" мен "РБ Лейпциг" командалары плей-офф кезеңіне өткен болатын. Осылайша Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шығатын 16 команданың 14-нің есімі белгілі.

massaget.kz
13 желтоқсан 2019 ж. 1 071 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30