Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Астана» еурокубоктық маусымды сәтсіз аяқтады

«Астана» еурокубоктық маусымды сәтсіз аяқтады

2019/2020 маусымының Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы матчында «Астана» Сербия астанасы Белградқа қонаққа барып, жергілікті «Партизанға» есе жіберді, деп жазады Prosports.kz.
Сырт алаңдағы ойын Қазақстан чемпиондары үшін өте сәтсіз шықты. Елордалықтар матчың алғашқы жарты сағатына жетпей ақ, өз қақпаларына үш гол өткізіп алды.
Екінші таймда қос команда да матчтың тезірек аяқталғанын күтті. «Астана» ойыншылары көп күттірген демалысты аңсады. Сербиялықтар турнирлік кестеде маңызы жоқ жеңістің ешқайда кетпейтінін түсінді. Алайда, алаң иелері арқаны кеңге салып жүріп тағы да екі гол соқты. Алғашқы доп Ненад Эрич қақпасынан табылса, екінші голды өз сербтар өз қақпаларыңа соғып, кездесу 4:1 есебімен «Партизанның» пайдасына аяқталды.

Еуропа лигасы. 6 тур. L тобы

«Партизан» (Белград, Сербия) – «Астана» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) – 4:1 (3:0)

Голдар:Сума 4 (1:0), Умар 22 (2:0), Асано 26 (3:0), Умар 76 (4:0), С. Павлович 79 (өз қақпасына – 4:1)

«Партизан»: Стойкович (Кляйич 70), Урошевич, С. Павлович, Остойис, Сума (Л. Павлович 64), Лутовац, Здьелар, Асано, Шчекич, Тошич, Умар

«Астана»: Эрич, Постников, Бейсебеков, Шомко, Логвиненко, Рукавина, Маевский, Сигурьонссон, Муртазаев (Перцух 47), Ротариу, Хижниченко

12 желтоқсан. Белград. «Партизан» стадионы.
13 желтоқсан 2019 ж. 434 0