Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан – Шотландия

Қазақстан – Шотландия

Футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерміз. Өздеріңіз білетіндей осы түні қазақстандағы футбол сүйер қауым үшін айтулы түн болды. Глазго қаласы, Хэмпден Парк стадионында, Евро 2020 топтық кезеңінде Қазақстанмен Шотландия құрамалары кездесті.
Бұл кездесу біздің құрама үшін және олардың жанкүйерлері үшін де оң болмады. Өйткені, Қазақстан Шотландия құрамасының жерінде 1:3 есебімен есе жіберіп қойды. Өткен аптада ғана Сан-Марино құрамасын 3:1 есебімен жеңген біздің отандастарымыз дәл сол есеппен өздері де есе жібереді деп кім ойлаған? Естеріңізде болса, біздің футболшылар өз жерімізде Шотландия құрамасын 3:0 есебімен ұтқан болатын. Ал гол авторлары ойынның отыз төртінші минутында отандасымыз Б.Зайнутдинов есеп ашқан, бірақ ойынның қырық сегізінші минутында МакГинн есепті теңестіріп кетті. Ойынның алпыс төртінші минутында Нейсмит есепті еселесе, ал үшінші голды қосылған қосымша уақыттың тоқсан бірінші минутында МакГинн дубль жасады. Топтық кезеңнің ойындарына көз жүгіртсек, Шотландия құрамасы он бес ұпаймен топта үшінші орынға жайғасып отыр, ал біздің құрамамыз бұл топта он ұпаймен бесінші орынға жайғасты. Ал топтың бірінші орнында Бельгия отыз ұпай, екінші орында Ресей жиырма төрт ұпай, төртінші орынды Кипр он ұпай, ал топтың соңын Сан-Марино құрамасы нөл ұпаймен тәмамдап тұр. Шотландия құрамасы топтық кезеңнің бүкіл ойындарында бес рет ұтып, бес рет жеңілген.

Азамат Серікбайұлы
23 қараша 2019 ж. 1 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930