Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин мен Альварес 2020 жылы қайта жұдырықтасады

Головкин мен Альварес 2020 жылы қайта жұдырықтасады

BAQ.KZ. DAZN стримингтік қызметінің Солтүстік Америкадағы атқарушы вице-президенті Джо Марковски Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында үшінші кездесудің жоспарланып жатқанын айтты, деп жазады Prosports.kz.

"Келісімшарттың майда-шүйдесіне тоқталмай-ақ қояйын, дегенмен бұл жекпе-жек келесі жылы өтеді. Канелоның командасы бұл келіссөздерде А тарапы болатыны белгілі. Ол мықты жекпе-жектер өткізуді қалайды, алайда жұрт "Канело" – GGG трилогиясына куә болғысы келеді және Альварес пен Golden Boy басшылығы мұны жақсы түсінеді", - деді Марковски Boxingscene порталына берген сұхбатында.

Келіссөздер 2 қарашада басталады.

"Біз келіссөздерді 2 қарашадан кейін жүргіземіз. Олармен жүздесу проблема тудырмайды. Біз Альварестің салмақ көтеру туралы ойын құрметтейміз", - деп сөзін аяқтады вице-президент.

14 қазан 2019 ж. 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930