Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Спортингке» Роналдудың аты берілмек

«Спортингке» Роналдудың аты берілмек

Португалиялық "Спортинг" клубы өз бас алаңының атауын әйгілі аяқдопшы Криштиану Роналдудың есіміне ауыстырмақ. Аты құрлыққа мәлім шабуылшысы өзінің футболшы мансабын дәл осы командада бастаған деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Стадион атауын өзгерту жөнінде "Спортинг" өкілдері ресми мәлімдеме жасады.
"Біз бұл идеяны ұзаққа созбай, жақын арада іске асыратын боламыз. Себебі, оның есімімен байланысты болу біз үшін үлкен мәртебе. Криштиану мәңгіге біздің клубымыздың символы болып қала бермек.
Біздің жастар академиямызда оның айтқан нақыл сөздері ілініп тұр. Ол барша жас футболшыларға үлгі.Криштиану – Португалия мен әлем тарихындағы ең үздік ойыншы" , - деді "Спортинг" президенті Фредерик Варандаш.
13 қазан 2019 ж. 772 0