Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жиделідегі көкпар: өгізөлдіні кім салды? (фото)

Жиделідегі көкпар: өгізөлдіні кім салды? (фото)

Ұлттық ойын Көкпар спортын ұлықтау мақсатында күні кеше Шиелі ауданы Жиделіарық ауылында нағыз ерлер сайысы өтті. Шараны ауыл тұрғындары ешкімге қол жаймай, ауызбіршілік танытып, өз қаражаттарына ұйымдастырға. Жиделіарық ауылының 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ат шабарға Қызылорда қаласы, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Түркістан облысының жауырыны қақпақтай, шоқпар білекті, жүрегінің түгі бар жігіттері қатысты. Ойын барысында екі мәре белгіленіп, Нартай, Еңбекші, Жиделіарық ауылының балуандары шығыс жақ беттегі қазандыққа салымдарын салса, батыстағы қазандыққа қонақтар жағы серкелерін тастап жатты. Осылайша турнирге тігілген 400 000 мыңға жуық ақшалай сыйлықты көкпаршылар он мыңнан бөліп шауып, ойын көркін қыздыра түсті. Ал өгіз өлдіге тігілген жеңіл автокөлікті 200 балуанның арасынан суырылып шығып, астындағы сәйгілігімен оқ бойы оза шауып, тақымындағы серкені қазандыққа тастаған жерлесіміз Жасұлын Айтбайға бұйырды.

26 қыркүйек 2019 ж. 1 850 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930