«Астана» мен «Манчестер Юнайтед» кездеседі
Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. ол Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен.
Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.
1904 жылы Бельгия, Дания, Нидерланды мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан халықаралық федерацияның (FIFA) құрылуына мұрындық болды. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталған спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ футболға ұқсас аяқдоп ойынының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті.
ХІХ ғасырдың соңына қарай футбол Еуропа мен Латын Америкасы елдеріне кеңінен тарай бастады. 1904 жылы халықаралық футбол федерациясы (FIFA), 1954 жылы Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) құрылды. Футбол 1900 жылдан бастап олимпиядалық ойындар бағдарламасына енген. 1930 жылдан бастап төрт жылда бір рет әлем чемпионаты және 1958 жылдан бастап Еуропа кубогы үшін жарыстар өткізіліп келеді.
Ал қазір футбол өте қарқынды даму үстінде. Әлемнің түпкір-түпкірі футбол десе ішкен асын жерге қоятындай дәрежеге жетті десек артық айтпағанымыз.
Сонымен қатар өз елімізде де футбол ойыны өте қарқынды дамып келеді. Ерекше айта кететін болсақ, елордалық «Астана» командасы бесінші жыл қатарынан Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығып отыр. Бұл Астана командасы үшін тәжірибе және үлкен жетістік. Еуропаның плей-офф кезеңінде БАТЭ командасын алғашқы ойында 3:0 есебімен өз алаңымызда жеңіске жетсек, сырт алаңда 0:2 есебімен есе жіберген еді. Қос ойынның қорытындысы бойынша 3:2 есебін сақтап, топтық кезеңге жолдама алды. Бұл біз үшін керемет жетістік.
Топтық кезеңде «Манчестер Юнайтед» сынды азулы қарсыластармен бәсекелесетін болады.
Саламат Әбдрахманов