Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада 2019 жылғы Конфедерация кубогінің жеребесі тартылды

Елордада 2019 жылғы Конфедерация кубогінің жеребесі тартылды


Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылғы Конфедерация кубогінің жеребесі тартылды деп хабарлайды Olympic.kz.

Биылғы доданың іріктеу кезеңдері 5-6 қазан күндері Орал қаласында басталып, 12-13 қазан Қарағандыда, 19-20 қазан Қостанайда, 26-27 қазан Ақтөбеде жалғасады. 
Жеребе нәтижесі бойынша 17 өңір келесі топтарға бөлінді:
А тобы - Ақтөбе обл, Алматы, Атырау обл, Павлодар обл, Ақмола облысы;
В тобы - Қостанай обл, СҚО, ШҚО, Жамбыл облысы
С тобы - Қарағанды обл, Түркістан обл, Шымкент, Нұр-Сұлтан;
D тобы - БҚО, Қызылорда обл, Маңғыстау обл, Алматы облысы; 

Жартылай финал мен финалдық кездесулер 7-8 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өтеді. Биыл жарыс бағдарламасына каратэ-до спорт түрі енгенін хабарлаймыз.

Сондай-ақ, жүлде қоры 1, 2, 3-орын алған командалар арасында бөлінеді. Конфедерация кубогінің жарыс бағдарламасына келесі спорт түрлері енген: бокс, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, таеквондо, қазақ күресі және каратэ-до. Жарысқа барлық өңірлер қатысады.

13 қыркүйек 2019 ж. 782 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 85

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031