Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Аздап қорқып тұрғаным рас": Головкин қарсыласы Деревянченко туралы

"Аздап қорқып тұрғаным рас": Головкин қарсыласы Деревянченко туралы

Қазақстандық Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен орта салмақтағы IBF титулы үшін болатын жекпе-жек алдында қандай сезімде екенін бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарсыластар Нью-Йоркте баспасөз конференциясын өткізді. Олар осы жерде алғаш рет кездесіп отыр. Головкин өз мәлімдемесінде аздап қорқып отырғанын жасырмады. Қазақстандық Деревянченконы бұрыннан білетінін айтты.

«Мен қатты толқып тұрмын. Бұл мен үшін жақсы сый. Біріншіден, өзімнің екінші үйіме оралғаным үшін қуаныштымын. Мені ұзақ уақыттан бері қолдап келе жатқан Madison Square Garden отбасыма рахмет. Қазіргі жағдайды түсініп тұрғандықтан, толқып тұрғаным да рас. Дәл қазір мен бокстағы үздік адамдармен жұмыс істеп жатырмын. Қарсыласым Сергей Деревянченко да керемет. Оны бұрыннан білемін. Мен ситуацияны түсінемін, бұл ойын емес. Аздап қорқып тұрмын. Себебі ол өзіне сенімді – жаттықтырушысын тыңдап көріңіздер! Ол да рас айтады. Оның командасы өте мықты», - деді Головкин алдағы жекпе-жек туралы.

Қарсыластар алғаш рет көз түйістірді. Сондай-ақ, Головкин неліктен қорқып тұрғанын түсіндірді.

«Мен неге қорқады дейсіздер ме? Ол мықты болып көрініп тұр. Құдды дәл қазір оның уақыты келгендей. Бәлкім солай да шығар. Бәлкім! Бұл бокс, мұнда не болатынын ешкім білмейді. Егер нағыз шоу мен жекпе-жек көргілеріңіз келсе, 5 қазан күні келіңіздер. Бокс пен мені қолдап жүрген жандарға рахмет», - деді қазақстандық боксшы.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін 5 қазан күні Головкин мен Деревянченконың жекпе-жегі Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы басты оқиға болмақ.
23 тамыз 2019 ж. 685 0