Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұл өте ауыр 12 раунд болады.

Бұл өте ауыр 12 раунд болады.

Екінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (28-0, 13 КО) Boxing Social порталына берген сұхбатында IBF титулы сарапқа салынатын қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жегі жайлы ойын айтты.
   "Бұл сөзсіз Головкиннің кездесуі. Бірақ бұл өте ауыр 12 раунд болады, ол Головкиннің денсаулығының, өмірлік батареясының бір бөлігін алып қояды", - деді Сондерс.
   Естеріңізге салсақ, 5 тамызда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Головкин - Деревянченко жекпе-жегін тағайындаған болатын. Екі тараптың келіссөз жүргізуіне 30 күн берілген. Сол уақыт ішінде келісе алмаса, промоутерлік сауда-саттық өтеді.
   Бұған дейін Головкин орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жектің барлық талабына келіскені хабарланған.
   Кездесу 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтуі мүмкін.

Kaz.tengrinews.kz
15 тамыз 2019 ж. 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031