Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда жауынгерлік самбодан халықаралық турнир өтті

Алматыда жауынгерлік самбодан халықаралық турнир өтті

ÐлмаÑÑда жаÑÑнгеÑлÑк Ñамбодан ÑалÑÒаÑалÑÒ ÑÑÑÐ½Ð¸Ñ Ó©ÑÑÑ
Алматыда самбо және жауынгерлік самбодан Жеңіс мерекесіне орай халықаралық турнир өтті. Генералдар кеңесінің жүлдесіне арналған турнирге еліміздің бірнеше өңірінен және Қырғыз Республикасы мен Өзбекстаннан 300-ден аса спортшы келді. Екі күнге созылған жарыста әскери самбодан Атыраулық балуандардың асығы алшысынан түсті. 52 келіде Асылжан Ғайсаев чемпион атанса, Еламан Сұлтанбай мен Сайдур Дадаев жүлделі орындарды өзара бөлісті. 62 келіде Қарағандылық Тайбек Омаров қарсылас шақ келтірген жоқ. Алматылық Нұргелді Қиялбеков 74 келіде жеңімпаз атанса, ең ауыр салмақта Элдар Бөленбаев топ жарды. Жарысты ұйымдастырушылар келер жылы турнир деңгейін жоғарлатуды көздеп отыр. Яғни осы жарыста олжа салғандар спорт шебері атанады. Рүстем Хайдаров, Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы: - Еліміздің, жеріміздің мемлекетіміздің даңқын шетелде көтеріп жүрген осы спортшылар. Ол жерде  біздің туымыз көтеріледі. Ол жерде біздің ұранымыз айтылады. Сондықтан бұл бір жақсы жылда өткізілетіндей керемет жарыс болайын деп тұр.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/314739-almatyda-zhauyngerlik-sambodan-khaly-araly-turnir-tti
14 мамыр 2019 ж. 826 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 104

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031