Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «РУХТАСТАР – 2025»: ШИЕЛІ ЖАСТАРЫНЫҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

«РУХТАСТАР – 2025»: ШИЕЛІ ЖАСТАРЫНЫҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Елімізде жастар саясатын дамыту, жас буынның әлеуетін арттыру және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау мемлекеттік деңгейдегі маңызды басымдықтардың бірі. Осы бағытта аянбай еңбек етіп келе жатқан ұйымдардың бірі – «Amanat» партиясы жанындағы «Жас­тар рухы» жастар қанаты. Аталған ұйым ұйымдастырған «Рухтастар – 2025» республикалық жастар сыйлығы ұйымдарының жұмысына берілген әділ баға, тың бастамалар мен нақты нәтижелерді саралайтын маңызды алаң.
«Жастар Рухы» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен үшінші мәрте өткен «Рухтастар» жастар сыйлығын табыс­тау рәсімі жоғары деңгейде өтті. Салтанатты кешті «Amanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай ашып, жыл бойы белсенділік танытқан рухтастарға, бөлімшелерге және серіктестерге шынайы алғысын білдірді. Іс-шараға облыстық және қалалық мәслихаттағы «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері, сондай-ақ «Жастар Рухы» облыстық филиалымен бірлесе жұмыс істеген түрлі мекеме қатысты.
Аталған сыйлықтың қорытындысы бойынша «Үздік аудандық бөлімше» номинациясында Шиелі ауданының «Жастар рухы» жастар қанатының филиалы жеңімпаз атануы – аудан жастары үшін үлкен мәртебе әрі зор жетістік. Бұл жеңіс кездейсоқ емес. Ол – жылдар бойы жүргізілген жүйелі жұмыстың, табанды еңбектің, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған нақты жобалардың нәтижесі.
Шиелі аудандық бөлімшенің жетекшісі Азамат Берікбайұлының басшылығымен жаңа деңгейге көтерілді деуге толық негіз бар. Оның бастамасымен аудан жастарының әлеуетін арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, еріктілік мәдениетін дамыту бағытында көптеген ауқымды әрі мазмұнды жоба жүзеге асырылып келеді. Әсіресе жастарды әлеуметтік мәселелерді шешуге тарту, қоғамға пайдалы істерге жұмылдыру – филиал жұмысының басты басымдықтарының бірі.
Бүгінде Шиелі ауданы бойынша ресми тіркелген волонтерлық ұйым болмаса да, бұл аудан жастарының белсенділігіне кедергі келтіріп отырған жоқ. Керісінше, ресми емес еріктілер тобы нақты іспен, шынайы жанашырлықпен көзге түсіп келеді. Олар жалғыз басты қарттарға қолдау көрсетіп, тұрмысы төмен отбасыларға көмек беріп, аудан көлемінде ұйымдастырылатын тазалық акциялары мен экологиялық шараларға тұрақты түрде қатысып жүр. Бұл – жастардың тек сөзбен емес, іспен елге қызмет етіп жүргенінің айқын дәлелі.
Аталған еріктілер қозғалысының жетістіктері де назардан тыс қалған жоқ. Аудан жастары арасынан «Үздік волонтер – 2022», «Үздік жылдың жастар көшбасшысы – 2023» секілді беделді номинациялардың жеңімпаздарының шығуы, аудан жастарының әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Бұл марапаттар жеке жастардың ғана емес, тұтас бір ұйымның, бір аудан жастарының еңбегіне берілген баға.
Иә, жастар бар жерде – үміт бар. Ал үмітті ақтай білген Шиелі жастарының бұл жеңісі – ертеңгі жарқын болашақтың нық қадамы.

С.БАХТИЯРҚЫЗЫ
31 желтоқсан 2025 ж. 23 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 31

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031