Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстан Үкіметі отставкаға кетті

Қырғызстан Үкіметі отставкаға кетті

Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков «Қырғыз Республикасы үкіметінің отставкасы туралы» жарлыққа қол қойды.

Қырғызстан Республикасының Жогорку Кенеші ҚР үкіметіне сенімсіздік білдіргені үшін ҚР Конституциясының 85-бабының 6-бөлігін, “ҚР Үкіметі туралы” ҚР Конституциялық заңының 13-бабының 1-бөлігінің 5-пунктін басшылыққа ала отырып ҚР үкіметін отставкаға жіберді”, – делінген Қырғызстан Республикасы президентінің сайтында.
Жарлық бойынша, премьер-министр, вице-премьер-министрлері, үкімет мүшелері қызметіндегі тұлғалар ел үкіметінің жаңа құрамы құрылғанша ҚР үкіметінің мүшесі міндеттерін орындауын жалғастырады. Президенттің жарлығы қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан парламентінің Сапар Исаковтың үкіметіне сенімсіздік білдіргені хабарланған. Дауыс беру қорытындысы бойынша министрлер кабинетін отставкаға жіберуді 101 депутат қолдап, бесеуі қарсы болған.
Дереккөз:  TENGRINEWS.KZ
19 сәуір 2018 ж. 1 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031