Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ елшісі Алматыны Орталық Азиядағы инновациялар орталығы деп атады

АҚШ елшісі Алматыны Орталық Азиядағы инновациялар орталығы деп атады


Алматыда өткен Maker Faire бірінші Орталық Азия фестиваліне өңірдегі елдерден инженерлер, суретшілер, ғалымдар, жас кәсіпкерлер жиналды.

«Біз Қазақстандағы әріптестерімізбен байланысты дамытқымыз келеді. Сондықтан, АҚШ дипмиссиясы бұл фестивальді осы жақта өткізуді ұсынды. Неге Қазақстанда десеңіз, себебі, Алматы – өңірдегі инновациялар мен технологиялар орталығы. Бұл Орталық Азия үшін халықаралық маңызы бар қала. Фестивальге аймақтағы барлық мемлекеттің өкілдері қатысып отыр. Мен Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ауғанстан елдерінен келген әзірлемешілермен әңгімелестім. АҚШ-тан келген азаматтар да бар», - деді Джордж Крол.
Сонымен қатар, Крол инновацияларды дамыту мәселесінде Қазақстанның әлеуеті жоғары екенін айтып, мұндағылар технологиялар жайын жақсы түсінетінін жеткізді.
«Мен Қазақстанды Ресей немесе АҚШ-пен салыстыра алмаймын. Мүмкін, ол жақта халық көп болғандықтан, технология да күштірек дамитын шығар. Бірақ, Қазақстан мен Ресейдегі адамдардың қабілеті бірдей», - деді ол.
Қазақстанның серіктесі болып табылатын АҚШ республиканың технология тұрғысынан дамуындағы үкімет бағытына әркез қолдау көрсететінін айтты.
Baq.kz
17 сәуір 2018 ж. 909 0