АТА ЗАҢ – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ
Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты – Ата заңы. Осыдан 27 жыл бұрын бүкіл халықтық референдумда кең байтақ Қазақстанның көп ұлтты халқы өзінің егемендік құқығын барша әлемге паш етіп, көптеген елдермен терезесі тең, іргетасы мықты демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемлекет екендігін танытты. Сөйтіп, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Ата заңы өмірге келді.
Тоғыз бөлім мен тоқсан сегіз баптан тұратын Ата заңның алғашқы бабы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп басталады. Бұл мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының өте жоғары дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығының айқын дәлелі.
Конституция – мемлекеттің төлқұжаты, Тәуелсіздігіміздің ең басты тірегі де, кепілі. Қай дәуірде, қай қоғамда болмасын, кез келген елдің, кез келген мемлекеттің пайда болуы, қалыптасуы, дәуірлеп-өрлеуі белгілі бір қағидаға сүйеніп жүзеге асатыны көне тарихтан белгілі. Ішкі іріткі мен сыртқы жаудан келген қауіп-қатерге сес болатын айбарлы Ата Заңы болмаған елдің тәуелсіздігі баянды, болашағы жарқын болуы мүмкін емес.
Иә, біздің азаматтық құқығымыз да, қойнауымыз толған құтымыз да, жалпы Тәңір сыйына балап жүрген Тәуелсіздігіміз де Ата Заң талаптары негізінде қорғалады. Демократияның барлық принциптеріне негізделіп жасалған біздің Ата Заңымыз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан Республикасының әлемдік аренадағы әлеуетіне кемелді тұрғыдан кепіл болып келеді.
Конституция талаптары бойынша мемлекеттің басты құндылығы – адам, адам өмірі және азаматтардың құқықтары мен бостандығы болып табылады. Сондай-ақ, елдегі қоғамдық-саяси жүйенің қауіпсіздігі, ішкі-сыртқы саясаттағы ел тынысы, атқарушы және өкілетті билік функциялары түбегейлі тұрғыдан Конституцияның басты баптарына енгізіліп, мемлекеттік тұтастықтың тұғырын биік етіп тұр.
Ал, тұтас қоғамға қорған болып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеген айбынды Ата Заңымызды біз қаншалықты деңгейде дәріптеп, қаншалықты деңгейде насихаттап, қаншалықты деңгейде қастерлеп жүрміз? Мәселе – осында.
Қалай болғанда да, Тәуелсіздігіміз нығайып, әлем елдері алдында әжептәуір абырой-беделі бар елміз. Тұғырлы елдің бәсекеге қабылетті 30 елдің ортасынан ойып орын алатынына көзіміз осы бастан-ақ жетіп отыр. Серпінді сеніммен ілгері басқан іргелі елдің сабырлы саясаты мен әлеуетті экономикасы талайларды таң қалдырып, таңдай қақтырып отырғаны көңілімізге мақтаныш сезімін ұялатады. Әлемдік қауымдастық алдында асқақ абырой, зор беделге ие болуымызға да, кейбір сын-қатерлер сәтінде бітімгерлік тізгінін ұстап, дағдарыс дақпыртында жолбасшылық жасауымызға да айбарлы Ата Заңымыздың демократиялық принциптері зор септігін тигізгенін де дәлелдеп жату артық шығар.
Олай болса, Ата Заңның абыройын асырып, барынша кең тұрғыда насихатталуын қамтамасыз ету, оны барынша қастерлеу – барша қазақ елінің парызы.
Бағдаулет Шахмарданов,
Шиелі аудандық архивінің ақпараттық тенологиялар бойынша инспекторы