Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас прокурор күш құрылымдарының жекелеген басшыларының қаңтар оқиғасы кезіндегі әрекеті туралы айтты

Бас прокурор күш құрылымдарының жекелеген басшыларының қаңтар оқиғасы кезіндегі әрекеті туралы айтты

Бас прокурор күш құрылымдарының жекелеген басшыларының қаңтар оқиғасы кезіндегі әрекеті туралы айтты
Мәжілістің жалпы отырысында «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының сауалына ауызша жауап берген ҚР Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде күш құрылымдарының жекелеген басшыларының іс-әрекеттерін құқықтық бағалау бойынша мәлімет берді.

Мәжілістің жалпы отырысында «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының сауалына ауызша жауап берген ҚР Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде күш құрылымдарының жекелеген басшыларының іс-әрекеттерін құқықтық бағалау бойынша мәлімет берді. «5 қаңтарда Алматы қаласындағы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы 2 полиция департаменті мен ҰҚК-нің 3 департаменті өз ғимараттарын, қарумен қоса тастап кеткен. Осы фактілер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі бөлігі аяқталды. Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы Мажилов қамауға алынды. Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдерді жинау және талдау жүргізілуде», -деді Берік Асылов. Сондай-ақ, Бас прокурор Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығының өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатқанын атап өтті. «Бұрынғы Қорғаныс министрі қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - деді ол.

https://www.inform.kz/kz/bas-prokuror-kush-kurylymdarynyn-zhekelegen-basshylarynyn-kantar-okigasy-kezindegi-areketi-turaly-aytty_a3910738
14 наурыз 2022 ж. 1 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930