Әдеп нормаларын сақтау – басты міндет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мақсаты биліктің жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жедел әрекет ету болып табылады.
Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің тиімді жүйесін қалыптастыру басты назарда.
Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің тиімді жүйесін қалыптастыру басты назарда.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы - мемлекеттілікті одан әрі нығайту, халыққа қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұрғанын көруге болады.
Осы бағытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңдары және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрыстарының қалыптары регламенттелген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіқабылданған.
Әдеп кодексі, бұл – жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын белгілейтін маңызды қағидаекені айқын. Ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетін ғана емес, сондай-ақ олардың өзін-өзі ұстау мәнерінің базалық стандарттарын бекітеді. Мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмыста қарапайымдылық, әділдік пен адалдық принциптерін ұстануды қажет етеді.
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму бағытында, яғни, азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және оны жылдам шешу бағытында аудан әкімдігіне қарасты мекемелерде 200-ге жуық мемлекеттік қызметшілер жұмыс жасайды.
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, олардың имиджін көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, этика талаптарын түсіндіру жұмыстары басты назарда.Себебі, билік өкілдерінің сауатты болуымен қатар олардың мәдениетті болуы тиіс. Әдеп кодексі талаптарын орындау бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер, оның оң имиджін қалыптастыру, сондай-ақ, қызметтердің сапасын жақсарту бағытында көшпелі кеңестер өткізілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің 2021 жылға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес, Әдеп нормаларының сақталуы, ұжымның моральдық-психологиялық ахуалын мониторингтеу мақсатында әкімдікке қарасты мекемелердің барлық қызметкерлеріне сауалнама жүргізілді.
Сауалнама қорытындысын талдау негізінде қатысушылардың басым көпшілігі басшылыққа көңілі толатынын, әріптестер арасындағы іскерлік қарым-қатынастардың қалыптасуына мүмкіндік жасайтынын, лауазымдық міндеттердің құзыретінен асатын тапсырмаларды орындауды талап етпейтіндігін, мереке және демалыс күндері сақталып, артық жұмыс жасау фактілері орын алмағандығын көрсетеді. Анонимдік сауалнаманың қорытындысы өткізілген семинар-кеңестерде талқыланып, басшыларға ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдарды жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.
Әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілермен аккаунттарды қолдану бойынша аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына ай сайын мониторинг жүргізіліп отырады.
Жалпы, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметшілердіңмемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларының сақталуы бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Ғ.Күлбаев,
Аппарат басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкіл
Аппарат басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкіл