Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АСТАНА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ

АСТАНА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ


Қазақстан Кәсіподақтар федерациясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда еңбек ұжымдарының рөлі» деген тақырыпта жиын өтті. Жиынды Астана қаласы бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Тастанбек Есентаев ашып, жүргізіп отырды.
Тастанбек Қуатжанұлының айтуынша, Елбасының Жолдауын жүзеге асыру үшін әрбір азаматтың абыройлы міндеті болып сана­лады. Алайда еліміздегі сыбайлас жем­қор­лық Президент жүктеген міндетті атқаруға кедергі келтіруде.
– Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы көптеген іс шаралар ұйым­дастырып, жұмыс жүргізіліп жатыр. Алайда түрлі шаруалар жасалып жатса да, әлі де болса елімізде жемқорлық бар. Егер де біз еліміздің өсіп-өркендеп, дамыған 30 елдің қатарына қосылуын қаласақ, онда бармақ басты көз қысты, әрекеттен арылуымыз керек. Осы жем­қор­лықтың кесірінен балабақша мен мек­тептер және аурухана секілді әртүрлі әлеу­меттік мекемелер уақытылы іске қосыл­май немесе сапасыз тапсырылып жатқаны көпшілікке белгілі. Сондықтан да қоғамның басты жауы болып отырған жаман әдеттен қара­пайым азаматтан бастап, қоғамдық ұйым­дарға дейін күресу керек. Бүгінгі «Сыбай­­лас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып­­тастыруда еңбек ұжымдарының рөлі» деген тақырыпта мәжіліске белсенді қаты­сып, өз пікірлеріңізді айтасыздар деген сенімдемін, – дейді ол.
Елордада ақпан айынан бастап «Астана адал­дық алаңы» жобасы қолға алынып, жұмыс жүрігізіп келе жатыр. Бұл туралы Мемле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қорлыққа іс-қимыл агенттігінің Астана қала­сы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жазира Жылқышиева жан-жақты баяндады.
– 2018 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Жатқан­бай­ұлы мен Астана қаласы әкімі Әсет Өркен­тайұлы «Астана адалдық алаңы» жобасын бастаған болатын. Бір жарым айдан бастап жұмыс жүргізіліп келе жатқан жобаның «Астана адалдық алаңы» деп аталуы тегін емес. Шын мәнісінде біз сыбайлас жемқор­лық деген сөзді қолданғымыз келмеді. Өйткені психологияда бір нәрсені қайта-қайта айта берсе, адамның сана-сезімінде жаман ой пайда болады деген түсінік бар. Сондықтан да біз жобаның атауын «Астана адалдық алаңы» деп қойдық. Өйткені қазақта адалдық деген сөз ең қасиетті сөз болып саналады. Бұл сөз адамгершілік, әділеттілік деген сияқты жақсы ойларды білдіреді. Сондай-ақ ойшыл ақын Абай Құнанбайұлы «Адал жүріп, адал тұр» десе, Бауыржан Момыш­ұлы «Адал болмай азаматпын деме» деп жас ұрпаққа өсиет айтқан. Сондықтан да қоғам болып бәріміз адал болуға тырсуымыз керек, – дейді ол.
Жиында сөз алған мамандар сыбайлас жемқорлыққа қоғам өкілдері мүлде төзбейтін болуы керек екенін ескертті. Өйткені жағым­сыз әдеттен күресу – құзырлы органдардың ғана емес, сонымен қатар қарапайым азаматтардың да міндеті.
Серік ЖОЛДАСБАЙ
31 наурыз 2018 ж. 1 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930