Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы бес жылда халықтың 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Алдағы бес жылда халықтың 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Қазақстанда ластанған 10 қала газға немесе баламалы қуат көздеріне көшіріледі. Себебі еліміздегі экология мәселесі басты назарда болуы тиіс. Бұл туралы Тоқаев өзінің жолдауында айтты. Одан қалды суды үнемдеу мәселесі де қозғалды. «БҰҰ алдағы 10 жылдың ішінде жаһандық деңгейде су ресурсының тапшылығы болады деп болжам жасап отыр. 2030 жылға қарай су тапшылығының көлемі 40% жетуі мүмкін. Сондықтан жаңа технологиялармен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ. Бұл – аса маңызды міндет. Үкімет су пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдер әзірлеуі тиіс», – деді Тоқаев. Алдағы бес жылда халық 100 процент таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. «Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында 5 жыл ішінде халықтың 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырамын! Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндет», – деді ол.

https://24.kz​​​
01 қыркүйек 2021 ж. 2 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930