Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Қырғызстан мен Тәжікстан президенттерімен сөйлесті

Тоқаев Қырғызстан мен Тәжікстан президенттерімен сөйлесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 
Мемлекеттер басшылары қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығыстан кейінгі қалыптасқан жағдайды талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына бауырлас ел азаматтарының қаза болуына байланысты көңіл айтты. Қазақстан Президенті мұндай шекаралық мәселелерді өзара түсіністік пен тату көршілік аясында тек қана бейбіт жолмен шешу қажет екенін атап өтті. Ол Душанбеде өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздерге табыс тіледі. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қажет болған жағдайда Қазақстанның Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін айтты.
Садыр Жапаров бауырлас Қазақстанның достық ниет танытқанына ризашылық білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өзара ынтымақтастықтың барлық мәселелерін жедел шешу үшін тұрақты байланыста болатынын жеткізді.
Қазақстан Президенті Қырғызстан шекарасында қалыптасқан шиеленісті ахуалға байланысты алаңдаушылық білдіріп, бұл жағдай көрші мемлекеттер мен олардың азаматтарына қауіп төндіретінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев шекара сызығын белгілеу сияқты күрделі мәселелер өзара сенім мен достыққа негізделе отырып, конструктивті келіссөздер барысында шешілуі керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай жағдайда өзара ұстамдылық танытып, күш қолдануға жол бермеу аса маңызды.
Президент алдағы уақытта осындай қақтығыстарды болдырмау жөнінде тиімді келісімге қол жеткізу үшін Душанбеде жоғары деңгейде кездесу өткізу туралы уағдаластықты қолдады.
Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа шекарадағы қақтығыстың тарихы мен қазіргі қалыптасқан жағдай туралы толық ақпарат берді.
Мемлекеттер басшылары Орталық Азия өңіріндегі ахуалға қатысты пікір алмасу мақсатымен тұрақты байланыста болуға уағдаласты.
Екі елдің құзырлы ведомстволары жоғары деңгейдегі кездесуге дайындық жұмыстарын жүргізеді.
01 мамыр 2021 ж. 1 021 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 40

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031