Қырғызстанның жаңа президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
BAQ.KZ. 2021 жылғы 2-3 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді.Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ мемлекеттік сапар мәртебесіне сәйкес протоколдық іс-шаралар жоспарланған. Сонымен қатар Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізеді, - делінген хабарламада.







