Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ИНТЕРАКТИВТІ КАРТА: ЕНДІ БЮДЖЕТТІҢ ЖҰМСАЛУЫН БАҚЫЛАЙ АЛАСЫЗ

ИНТЕРАКТИВТІ КАРТА: ЕНДІ БЮДЖЕТТІҢ ЖҰМСАЛУЫН БАҚЫЛАЙ АЛАСЫЗ

Ақпараттық ашықтық мемлекеттік басқару тиімділігінің басты критерийі болып саналады. Бұл мемлекеттік органдағы кез келген ақпараттың елдің əр азаматына қолжетімді болуын көздейді.
Бүгінде Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес есептілік пен ашықтықты одан әрі жетілдіру бойынша түрлі шаралар атқарылуда. Соның бірі, "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" жобасы.
Мектеп, балабақша, аурухана, емхана, жол бюджетіне бірыңғай платформада қол жеткізуге мүмкіндік беретін карта қоғамдық бақылауды іске асырудың пәрменді тетігіне айналды. Әсіресе, бюджетті игеру барысында сыбайластық, құқық бұзушылық секілді қоғам болып күресуді қажет ететін элементтерді болдырмау жолында қызметі ерекше. Ал сыбайластықпен күрес кез келген өркениетті қоғам үшін ең өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Тәулігіне 24 сағат бойы өнім берушілер, бөлінетін сомалар, құрылыс мерзімдері, кепілдік міндеттемелер және басқа да параметрлерге дейінгі ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Ашық бюджеттер интерактивті картасы» жобасымен https://publicbudget.kz/ru сілтемесі арқылы кіріп, кез келген облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі мекемелердің бюджеттерімен танысуға болады.
Айта кету керек, аталған жобаның қызметімен танысу үшін электронды цифрлық қолтаңбаның қажеті жоқ, тек тікелей сілтеме арқылы кіруге болады.
Егер құжаттамаларды салыстыру барысында алшақтықтар анықталған жағдайда тиісті фото - және бейнематериалдарды қоса отырып уәкілетті органға хабарлауға құқыңыз бар.
Бүгінгі күні, аталмыш картада облыс бойынша 698 мекеме, 2176 өз бюджеттерін енгізіп отыр. Барлығын қоса алғанда 803,3 млрд. теңге көлеміндегі бюджет жарияланған және осы бағыттағы жұмыстарды әрі қарай ілгерілету мақсатында 7 адамнан тұратын «Ашық бюджет» өңірлік клубы құрылған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарын қамтитын аталмыш карта қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтардың алдын алудың белсенді нысанына айнала отырып, мемлекеттік мекемелердің халық алдында есептілігі және диалогын құрудың әмбебап құралын күшейтетіні анық.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті
28 желтоқсан 2020 ж. 595 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930