Ашық бюджет – сыбайластықты төмендетеді
"Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" жобасы - бұл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алудың белсенді нысаны, мемлекеттік мекемелердің халық алдында есеп берушілігін және мемлекеттік аппараттың өз елінің азаматтарымен диалогының әмбебап құралын күшейтеді.
«Ашық бюджеттер интерактивті картасы» жобасы өнім берушілер, бөлінетін сомалар, құрылыс мерзімдері, кепілдік міндеттемелер басқа параметрлерге дейінгі ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, https://publicbudget.kz/ru сілтемесі арқылы аталған жобаға кіріп, кез келген облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі мекемелердің бюджеттерімен танысуға болады. Айта кету керек, аталған жобаның қызметімен танысу үшін электронды цифрлық қолтаңбаның қажеті жоқ, тек тікелей сілтеме арқылы кіруге болады.
Кез келген адам тәулігіне 24 сағат бөлінген бюджет қаражатын бақылай алады. Оларды құжаттамамен салыстыра алады және алшақтықтар анықталған жағдайда тиісті фото - және бейнематериалдарды қоса бере отырып, уәкілетті органға хабарлай алады.
Сондай-ақ, жүйе өнім берушілердің жұмыс сапасын бағалауға және түсініктемелер беруге ғана емес, сондай-ақ сатып алуға бір қатысушылар конкурстардың жеңімпаздары ретінде анықталатын жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.
Ашық бюджеттер интерактивті картасын жүргізуге жергілікті атқарушы органдардан жауапты қызметкерлер бекітілген.
Бүгінгі күні, облыс бойынша 702 мекеме, 1091 өз бюджеттерін енгізіп, 323,4 млрд. теңге көлемінде жариялаған.
Әр бір азамат аталған жүйе арқылы мекемелердің енгізген бюджетінің бөлінуі мен жұмсалуын бақылай алады.
Бұған қоса, тұрғындар аталған жүйеге өзін толғандырып жүрген мәселе бойынша өз сұрақтарын қоюға, өтініштері мен ұсыныстарын айтуға мүмкіндіктері бар.
Ашық бюджеттердің интерактивті картасы алғаш рет халық үшін бюджет шығындары туралы маңызды мәліметтерді қолжетімді әрі түсінікті етіп, қоғамдық бақылаудың тиімді тетігін жасады.
Бүгінгі күні, Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және қоғам белсенділерімен аталған жобаның мәліметтерінің сапалылығы мен толықтығына мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша хабарламаларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарлауға болады және қоңырау шалу тегін. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Искаков Мұрат Бектұрғанбекұлы