Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » БАСТЫ МАҚСАТ-АЗАМАТТАРДЫҢ ӨМІРІН ЖАҚСАРТУ

БАСТЫ МАҚСАТ-АЗАМАТТАРДЫҢ ӨМІРІН ЖАҚСАРТУ

Қоғамдық өмірдің түрлі салаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен құқықтық сауаттылықты арттыру – барлығымыздың парызымыз. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы  Ғанижан Асанұлы және Агенттік  жанынан құрылған  Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының  жетекшісі   Ырза Тұрсынзаданың қатысуымен ресми кездесу өтті.
«Бақытты отбасы» отбасы институтын қолдау орталығында ведомствааралық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткен жиында қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Индира Ақжігітова орталықтың жұмысымен таныстырып, бірқатар жетістіктерге тоқталды. "Бақытты отбасы" сервистік орталығы облыс орталығының тұрғындарына әлеуметтік қызметтердің кең спектрін және құқықтық кеңестер ұсынады.
Кездесуде қала әкімінің орынбасары Бектас Нуриддинов жобаның тиімді жақтары туралы өз ойын ортаға салып, «Сыр Аналар» Альянсы кеңесінің құрылғандығы халықпен етене байланысуда көп септігін тигізіп, сыбайлас жемқорлықтың көрінісі азайғандығын жеткізді.
«Бақытты отбасы» ғимаратында бас қосқан сала басшылары жиын соңында әлеуметтік қызметкерлермен пікірлесіп, орталықтың жұмысымен танысты.
03 қараша 2020 ж. 202 0

Соңғы жаңалықтар

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (8844)

24 қараша 2020 ж.

№90 (8843)

21 қараша 2020 ж.

№89 (8842)

17 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам