Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім саласының өкілдерімен кездесу өткізді

Білім саласының өкілдерімен кездесу өткізді

Бүгін Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының төрайымы- Ырза Тұрсынзада және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі - Арман Бердалин облысымыздағы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді.
Іс-шараға облыстық білім басқармасының, білім бөлімдерінің, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің басшылары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, интернаттар, оқушылар сарайының және лагерьлердің директорлары қатысты.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының төрайымы Ырза Тұрсынзадаақпараттық-ағартушылық штабының мақсаты мен міндеттеріне тоқтала өтіп, бүгінгі күннің кеселі,мемлекет пен қоғамның іргесін сөгіп, елдің ілгерілетуіне кедергі келтіріп жатқан сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне еліміздің болашағы, яғни балалардың бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік пен қарсы мәдениетті қалыптастырудағы мұғалімдердің рөлі орасан зор екендігін хабарлады.
Өз кезегінде Агенттігінің ресми өкілі Арман Бердалин сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін құқықтық біліктілік пен мәдениеттілік және парасаттылық бірінші орында тұру қажет екендігін атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстар тыңдалды.
17 ақпан 2020 ж. 708 0