Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі ауданының активімен кездесу өткізді

Шиелі ауданының активімен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған Республикалық ақпараттық - ағартушылық штабының төрайымы – Ырза Тұрсынзада мен ҚР Агенттігінің ресми өкілі – Арман Бердалин Қызылорда облысы, Шиелі ауданының активімен кездесу өткізді.
Мәжіліске Шиелі ауданы бойынша құқық қорғау органдарының, дербес бөлімдердің басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері қатысып отырды.
Мәжіліс барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанында құрылған Республикалық ақпараттық-үгіт насихат штабының басшысы Ырза Тұрсынзада сөз алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша үгіт-насихат жүргізіп, мақсатты жоспарларымен, ой-тұжырымдарымен бөлісті.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі Бердалин Арман Тілектесұлы адалдық, адамгершілік, шыншылдық, тазалық принциптерін ұстануға шақырып, бүгінгі қоғамда көрініс тауып отырған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында қандай қағидаларға сүйену керектігін айтып өтті.
19 ақпан 2020 ж. 841 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031